Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы вакцина алғысы келмейтін қазақстандықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айутынша, екпені уақытында алмау салдары ауыр инфекцияларды өршітуге әкеп соқтырады.
"Қызылшаға қарсы екпеден бас тарту көбіне мүгедектікке және өлімге әкелетін көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, В гепатиті сияқты ұмытылған инфекциялардың өршуіне әкеледі", - деді министр Үкімет отырысында.
Ажар Ғиният ата-аналарға бала инфекция жұқтырса, бірден дәрігерге хабарласу керегін ескертті.
"ДСМ ата-аналарға балаларының вакцинациясын тексеріп, уақытылы иммундау шараларын қабылдауды ұсынады. Дене температурасының жоғарылауы, мұрыннан су ағуы, әлсіздік, бөртпе сияқты қызылша ауруының белгілері пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетіңізбен емделмеңіз, вакцина туралы сенімді ақпаратты қолданыңыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөліміне түскені хабарланды. Оның 15-і - сәби. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!