Қызылордалық төрт тұрғын төлем терминалдарын ұрлаған. Оқиға мамыр айында болған. Полицияға дәріханалар мен дүкендердің иелері арызданып, оларға тиесілі екі терминалдың ұрланғанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қаланың төрт тұрғыны алдын ала жоспар құрған. Олар түнгі уақытта дәріханалар мен дүкендердің есігін бұзып кіріп, терминалды алып кеткен.
Қызылорданың 36-39 жас шамасындағы төрт тұрғыны ұсталды. 2 азамат Қызылорда полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалса, қалған екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Айғақ зат ретінде ұрланған терминал алынды. Шығын көлемі есептеліп жатыр.
Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!