Қызылордалық полицейлер шетелдік азаматқа көмек көрсетті

Қызылордалық полицейлер шетелдік азаматқа көмек көрсетті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қызылордалық полицейлер Қырғызстан азаматына көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр.

Полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында тасжолда бұзылып қалған жеңіл автокөлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Жүргізуші Қырғызстан еліне бағыт алған. Алайда Қызылорда облысының аумағында көлігі бұзылып, жолды жалғастыруға мүмкіндік болмаған.

Рота қызметкерлері кезекшілік кезінде М-32 Шымкент - Самара тасжолында Жалағаш ауылының тұсында жолда тұрып қалған көліктің жүргізушісіне жедел түрде көмек береді.

Көлікті жөндеу орталығына апарады. Көлігі жөндеуден өткен жүргізуші полицейлерге алғысын білдіріп, Қырғызстан еліне сапарын жалғастырды. Полицейлер алыс сапарға қамданып, ауа райы болжамдарын, жол қызметтерінің хабарламаларын мұқият қарап, жолға жоспарлап шығуға кеңес береді. Сондай-ақ жолға шығар алдында көліктердің техникалық жағдайын тексеру қажеттігін тағы да еске салады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина