"Қызылордалық оқушы секс-құлдықта болған": полиция үндеу жасады

Қызылорда полициясы жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіде мән-жайды анықтамастан ақпараттың шынайлығына көз жеткізбей жалған ақпарат тарату деректері тіркеліп жатыр. Атап айтқанда, әлеуметтік желіде "Члены школьного ОПГ из Кызылорды держали в секс-рабстве одноклассницу" тақырыбында және осы істің айналасындағы жағдай бойынша көптеген шындыққа сәйкес келмейтін, тексерілмеген жалған ақпараттар шығып, олар барлық әлеуметтік желілер арқылы таратылып отыр.

Жалған ақпарат тез тарайды және тұрғындардың арасында үрей туғызады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 

Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлерімен қылмыстық іс тіркеліп, кәмелетке толмаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу сотымен күдіктілерге қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды. Жәбірленуші тарап 6 ай көлемінде құқық қорғау органдарына шағымданбаған. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде жүргізіліп жатыр.

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таралуына байланысты полиция органымен қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!