Бүгін, 3 желтоқсанда қызылордалық құтқарушылар Арай шағынауданында басын баспалдақтың темір қоршауына қысып алған балаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу барып, гидравликалық құралмен темірді кесіп, баланың басын темірден шығарып берді.
Аман қалған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс білдірді.
"Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!