Қызылорда полицейлері ірі мөлшерде "синтетика" сақтаған тұрғынды анықтады. Оның қалада есірткі жасыратын 30 нүктесі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда қаласының 18 жастағы тұрғыны ірі мөлшерде синтетикалық есірткі затын өткізу мақсатында сақтағаны үшін құрықталды.Полицейлер қала орталығында күдікті азаматты тоқтатып, тексеру барысында қолындағы сөмкесінен және қалтасынан 64 қара изолентамен оралған ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ заттар анықталды. Сондай-ақ оның қала аумағында есірткі жасырған 30 нүктесі табылды.
Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 148,79 грамм "а-пирролидиновалерофенен" немесе "a-PVP" психотроптық заттарға жататыны бекітілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!