- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордалық ер адам...
Қызылордалық ер адам әйелін ұрып өлтірген
Фото:
Tengrinews.kz
Қызылордалық ер адам мас күйде әйелін ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, оқиға 3 тамызда түнгі уақытта болған. Ер адам заңды некедегі 27 жастағы әйелін мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан алған ауыр дене жарақатынан азаматша қайтыс болды.
Оқиға орнынан бой тасалап кеткен Қызылорда қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина