Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"12 желтоқсанда сағат 21:50 шамасында Қызылордада "102" арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, азаматшаның қаза болғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!