Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалып кеткен әйелді таба алмай жатыр. Бұл мәлімет LIDER.KZ тобының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1986 жылы туған Жақышева Назым Түсіпбайқызы 13 шілдеде жоғалып кеткен. Күндізгі сағат 13:30 шамасында әйел Қызылорда қаласындағы үйінен шығып кеткен. Ол келесі күні таңерте Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесінде байқалған.
Белгілері: бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, ұзын.
Үстіне ұзын жеңді қызғылт кофта, қара блузка, көк шалбар және қара балетка киген. Күннен қорғайтын көзілдірік таққан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз