Қызылордалық әйел 26 жылдан бері асқазансыз өмір сүріп келеді

Қызылордалық әйел 26 жылдан бері асқазансыз өмір сүріп келеді
Фото: Massaget.kz

Қызылордалық Рима Ким ширек ғасырдан астам уақыттан бері асқазансыз өмір сүріп келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1998 жылы үш баланың анасы қатерлі ісік диагнозы қойылған соң асқазанын түгел алдырып тастаған болатын. Ерік-жігері мен дәрігерлердің бақылауының арқасында одан бері үшінші онжылдық өтіп барады. Кейіпкеріміздің жасы бүгінде 70-ке жетті.

"Алғашқыда жараның пайда болуына байланысты дәрігерлер асқазанымның үштен екісін алып тастаған еді. Екі жылдан кейін осы ағзада қатерлі ісік барын анықтады. Дәрігерлер асқазанымды толығымен алып тастады. Қымбат дәрілердің, тексерулердің МӘМС арқылы тегін болғаны бізге өте тиімді. 90-шы жылдары бәрі ақылы-тұғын, оны бәрінің бірдей қалтасы көтермейтін", - деді Рима Ким.

Айта кетейік, кейіпкеріміздің ас қорыту ағзасының қызметін ширек ғасырдан бері ішек қалташасы атқарып тұр.


Назерке Саниязова

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz