Қызылордалық әйел 12 донордың қанын құйдыртқан соң ВИЧ жұқтырған
Фото: depositphotos.com
Әлеуметтік желіде Қызылорданың облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр халде жатқан әйелге 12 донордың қаны құйылғаны, бір айдан кейін ВИЧ инфекциясы анықталғаны туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайдан хабардар екені, бірақ ешқандай шара қолданылмағаны айтылды.
Бүгін мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Іс Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында, тиісті тергеу жүргізіліп жатыр. Ешкім жауапқа тартылмады деп айта алмаймыз", - деді шенеунік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан