Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушыны қатарластары жабылып соққыға жыққан

Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушыны қатарластары жабылып соққыға жыққан
Фото: Видео кадры

Қызылордада алты жасөспірім мектептің әжетханасында 10-сынып оқушысын соққыға жыққан. Оқушы көптеген жарақат алып, сүйегі сынған. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", – деді ПД өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget