Қызылордадағы кісі өлімі бойынша үш күдікті ұсталды

Қызылордада 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

8 қазанда Қызылорда қаласының тұрғынын өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған оқиға бойынша үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген барлық бейнежазбалар зерделенді. Оқиғаға өзге де тұлғалардың қатысы болуы мүмкін екендігі тексерілуде. Әрбір қатысушының рөлі мен қатысу дәрежесіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады, - деп ақпарат таратты. 

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз