Қызылордадағы жатақханадан студент өлі табылған: күдікті ұсталды

Қызылордадағы жатақханадан студент өлі табылған: күдікті ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қызылордадағы жатақханада студент өлі табылды. Бұл жағдайға өңір полициясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 16 жастағы жасөспірім 8 мамырға қараған түні көз жұмған. Марқұмның туыстары "оны жоғары курс студенттері аяусыз соққыға жықты" деген пікірде.

Қызылорда облысы Полиция департаменті редакцияға берген жауабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тергеу нәтижесінде тиісті процесуалдық шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget