Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталады.
"Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!