Қызылордадағы 9-сынып оқушысының өлімі: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Қызылордадағы 9-сынып оқушысының өлімі: оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Қызылорда қаласында 9-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай қалаға іргелес Белкөл кентіндегі көпқабатты үйдің алдында 12 ақпанда түс ауа болған. №189 мектепте білім алған 9-сынып оқушысының өліміне 10-сынып оқушысы күдікті ретінде танылып отыр.

"Балалар жеті сабақ аяқталған соң сағат 14.00-де мектептен шығып, үй-үйлеріне тараған. Қайғылы жағдай кенттегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінің алдында болған. Бейнекамераға түспеген. Оқиға орнында 4 бала болған, қасындағы 3 бала медициналық ұйымға көтеріп жеткізген. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету барысында бала үзіліп кеткен. "Пышақтап кетті" деген ақпарат жалған. Әкесі мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаты болмағанын жеткізді. Ал күдікті жалғызбасты ананың баласы екені анықталды", - деді басқарма басшысы.

Ал балалар оқитын мектептегі директор мен орынбасары жұмыстан шығарылған.

"Тәрбие бағытындағы тапсырманы өз деңгейінде орындамағаны, атқарылған ауқымды жұмыстан нәтиже шығармағаны үшін мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын орнынан босаттық. Өйткені ұстаздарға әр баламен жеке жұмыс істеу міндеті жүктелген. Бұл жағдай қатаң бақылауда, тиісті шаралар қабылданады", - деді Асқарбек Есжанов.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада жасөспірім өлі табылғаны хабарланды.

Назерке Саниязова

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz