Қызылордада тұрғындардың 11 миллион теңгеге жуыө ақшасын алдап алған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 маусым күні ПБ-ның кезекші бөліміне 14 қала тұрғыны алаяқтың әрекетінің құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.
Ол арызданған адамдардан 2022 жылдан бастап "Мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген жылжымайтын мүлікті кезексіз алып беремін", "Баспана алу үшін кезегіңді жылжытып беремін" деп, алдап-арбау жолымен 10 миллион 820 мың теңге ақшаларын алдап алған.
Бұрын сотты болған 27 жастағы күдікті ұсталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!