- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада тегін палауға...
Қызылордада тегін палауға таласқандар төбелес шығарды
Қызылордада тегін палау тарату халықтың қақтығысуымен, төбелесімен аяқталып, аспаз жарақат алды, - деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Палау қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада дайындалды. Осыған орай облыс әкімдігі іргесіндегі Сыр-ана алаңында өңірдегі күріш өсірумен айналысатын ірі серіктестік "Абай Дәулет" ЖШС палау жарысын ұйымдастырған.
Ұйымдастырушы 2 тонна ет, 1 тонна күріш, 1 тонна сәбіз, 500 келі пияз және жүздеген литр май бөлген. Тамақты жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар басқа қалалардан келген аспаздар дайындады, тіпті Өзбекстаннан келген қатысушылар да болды.
Екі платформада 40 қазан болды. Периметр бойында полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары болды. Тәртіп сақшылары болмаса, аспаздар әр учаскені қоршап алған адамдардан қорғана алмас еді. Тамақты үлестірер алдында көпшілік арасында жанжал шығып, төбелес болған. Ересектер, қарттар, балалар қазандарға жақын болу үшін бір-бірін итерген.
Фото: inbusiness.kz
Қазылар алқасының мүшелері адамдардың арасынан әрең өтті. Журналистер бір кезде біреулер аспаз әйелдің басынан шөмішпен ұрғанын айтады. Оған жедел жәрдем шақырылған.
Сыр-ана мұнарасының маңында жайылған дастар0аннан халық ас ішу үшін палау пластик ыдыстарға салынып, таратылады деп жоспарланған болатын. Бірақ минут өткен сайын көрерменнің шыдамы таусылған. Ыстық ауа райы да әсер еткен болуы мүмкін.
"Халық палау салынған пакеттер мен ыдыс-аяқтарды тарата бастағанда, тегін тамаққа таласқандар айғай-шу, төбелес шығарды. Халық үстелдер мен қоршауларды аттап өте бастады. Полицияға көмектесу үшін қосымша күш келді", - деп сипаттады оқиғаны журналистер.
Қақтығыс кезінде 20 шақты бала жоғалып кеткен.
Палауды таратуға бір сағаттан аса уақыт кеткен. Халық тынышталып, тамақтанды. Кейін аспаздар марапатталыпты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш