Қызылордада тағзым алаңын қиратып кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда қаласында 29 тамыз күні таңғы сағат 05:00 шамасында жергілікті тұрғындар Мәңгілік алау саябағындағы жарық шамдарын белгісіз азаматтардың сындырып жатқандығы жөнінде 102 арнасына хабарлама берген.
Хабарлама бойынша күдікті 5 адам анықталып, үшеуі ұсталды. Қалғаны іздестіріліп жатыр.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз