Қызылордада тағзым алаңын қиратып кеткендердің тек үшеуі ұсталды

Қызылордада тағзым алаңын қиратып кеткендердің тек үшеуі ұсталды
Фото: instagram.com/kritika_orda11

Қызылордада тағзым алаңын қиратып кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

​Қызылорда қаласында 29 тамыз күні таңғы сағат 05:00 шамасында жергілікті тұрғындар Мәңгілік алау саябағындағы жарық шамдарын белгісіз азаматтардың сындырып жатқандығы жөнінде 102 арнасына хабарлама берген. ​

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kritika_orda11

Хабарлама бойынша күдікті 5 адам анықталып, үшеуі ұсталды. Қалғаны іздестіріліп жатыр.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина