- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада студенттерге заңсыз...
Қызылордада студенттерге заңсыз шәкіртақы аударған директор жазаланды
Қызылорда қаласындағы колледждің бірінде сабаққа қатыспаған студенттерге 17,4 миллион теңге заңсыз шәкіртақы аударған директор жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық прокуратура Қызылорда қаласындағы колледждердің бірінде сабаққа қатыспаған және семестр қорытындысы бойынша қанағаттанарлық баға алған студенттерге сшәкіртақы аудару дерегін анықтаған.
"Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы соталды тергеуді тіркеді. Сараптама қорытындысы бойынша келтірілген залал 17,4 миллион теңгені құрады. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен колледж директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабында (немқұрайлылық) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, келтірілген залал толық өтелді. Облыстық прокуратура тарапынан бюджет қаражатын игеру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады", - делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова