Қызылордада баласы жасөспірімді ұрды деп айыпталған қалалық полиция басқармасы басшысының кадр саясаты жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 7 наурызда Қызылордадағы "Тарлан" спорт кешенінде екі кәмелетке толмағандар арасында жанжал шығып, салдарынан 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шекті. Одан кейін жоғары лауазымды полиция қызметкерінің баласы оны ұрды деп айыпталған.
"Ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіргені үшін қалалық полиция бөлімі басшысының кадр саясаты жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс негізінде тәртіптік шара қолданылды. Бұл шенеуніктің "Тарлан" спорт кешенінің алдында жасаған әрекеті Қызылордада қоғам арасында қатаң сынға ұшырады", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!