Қызылордада полицейлер жоғалып кеткен төрт жастағы бүлдіршінді тапты

Қызылордада полицейлер жоғалып кеткен төрт жастағы бүлдіршінді тапты
Фото: видеодан алынған кадр

Қызылордада полицейлер жоғалған төрт жастағы бүлдіршінді тапты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 мамыр күні сағат 13:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының "102" жедел  арнасына 39 жастағы қала тұрғыны 2020 жылғы ұлының үйінің ауласынан ойнап жүрген жерінде жоғалып кеткені туралы хабарлама берген.

Бүлдіршінді іздеу жұмыстарына Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция нарядтары жұмылдырылып, жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған 4 жастағы бүлдіршінді патрульдік полиция инспекторлары қала аумағында жүрген жерінен тапты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан