Қызылордалық полицейлер шұғыл түрде жаппай төбелесті тоқтатты. Полицияға 18 адам жеткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желіде қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Бұл дерек бойынша шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция және жедел-тергеу тобы төбелесті тоқтатқан. Жедел ден қою шаралары нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!