- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада полицейлер әккі...
Қызылордада полицейлер әккі ұрыны қолға түсірді
Қызылордада полицейлер әккі ұрыны қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері іздестіру шаралары барысында екі ай ішінде пәтер ұрлықтарын ашты. Қызылорда қаласының 6 тұрғыны үйлерінен зергерлік бұйымдардың ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданған.
Оларға 4 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді. Әккі ұры терезе арқылы облыс тұрғындарының үйлеріне заңсыз кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Тергеу барысында полиция күдіктінің жасаған іс-әрекеттерін толығымен дәлелдеді.
Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина