Қызылорда облысында бопсалау және кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға тарту туралы іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандарға қатысты іс қаралды. Оларға ҚР ҚК 194-бабы (ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқытып алушылық), 110-бабы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау), 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша айып тағылды.
ҚПК-нің 29-бабының талаптарына сәйкес бұл іс жабық сот отырысында қаралды.
Сотталушылардың кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен, бейнежазбалармен, WhatsApp арқылы хат-хабарлармен, ақша аударымдарымен, сараптама нәтижелерімен, сондай-ақ, жәбірленушінің жауабымен дәлелденген.
Прокурор сотталушыларға мынадай жаза сұрады:
Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың кәмелет жасына толмағанын, сонымен қатар, сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А. жасаған істеріне шын жүректен өкінетінін ескерді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 2024 жылы жазда Қызылорда облысында секс құлдыққа түскен оқушы жантүршігер оқиғаларды баяндап, бұл іске сыныптастарының қатысы барын жеткізді. 16 жастағы қыздың сұмдық әңгімесін НеМолчи.kz қоры жариялаған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!