- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада оқушы қыз...
Қызылордада оқушы қыз сыныптастарына бұрыш баллонын шашқан
Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы сабаққа бұрыш баллонын алып келген. Нәтижесінде мектепті эвакуациялауға тура келген, - деп хабарлайды polisia.kz.
Басылым мәліметінше, жасөспірім қыз өзімен бірге алып жүрген бұрыш баллонын абайсызда шашып жіберген.
"Белгісіз затпен улану дерегі туралы мектептен қоңырау шалғаннан кейін жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Оқушылар да, мұғалімдер де эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Қызылорда облысының Полиция департаменті.
Ешкім зардап шекпесе де оқиғаға кінәлілер жазаланбақ.
"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі - кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова