- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада несие алып...
Қызылордада несие алып беремін деп алдап, ақшаны қалтасына басқан алаяқ ұсталды
Қызылордада тұрғынды алдаған алаяқ сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс орталығының тұрғыны жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, оның ақшасын заңсыз иемденген. Алаяқ тұрғынды қайтарымсыз 5 млн теңге несие алып беремін деп алдап, 300 мың теңге ақшасын қалтаға басқан.
Полиция қызметкерлері 30 жастағы күдікті әйелді құрықтады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 300-бабымен айыптау актісімен сотқа жолданған.
9 қыркүйекте Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Полицейлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін тұрғындарды сақ болуға және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға айтпауға шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина