Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы ПБ "102" арнасына мұз астынан белгісіз адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Бұл дерек қалалық полицияның соталды тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер адамның мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!