Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысында қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан аса тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан аса ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді.

Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады.

"Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!