Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балаға жәбір көрсетті деген күдікті ұсталды

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балаға жәбір көрсетті деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастығы қылмыстық істің тергелу барысын ерекше бақылауға алған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!