- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада мемлекеттік нөмірдің...
Қызылордада мемлекеттік нөмірдің орнына "жоқ" деген жазу іліп алған жүргізуші жазаланды
Қызылордада мемлекеттік нөмірдің орнына төрт әріптен тұратын жазу іліп алған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық бұзушы 21 қарашада өткен "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында анықталған.
"Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары көшедегі бейнебақылау камералары арқылы тағы бір тәртіп бұзушыны анықтады. 19 жастағы жас жігіт көлігінің алдыңғы жағына мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына "жоқ" деген жазуды іліп қойған", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полицейлер құқық бұзушы ұстап, әкімшілік хаттама толтырған. ВАЗ-2107 автокөлігі айып тұрағында тұр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан