- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада мас күйінде...
Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші полицейді қағып кеткен
Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші полицейді қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Полиция қызметкері Volkswagen Touaregмаркалы көлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқан. Алайда ол заңға бағынбай қала шетіндегі Қарауыл төбе ауылына қашып, күріш алқабына кірген. Сол кезде қосымша көмекке келген полиция нарядының қызметкері көлік алдынан жаяу шығып бөгемек болған. Оны да елемеген жүргізуші полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп уақыт өтпей 32 жастағы күдікті қолға түсті.
"Орта дәрежелі мас екені анықталып, уақытша ұстау изолторына қамалды. Автокөлік айып тұрақта. Қазіргі таңда билік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді өңірдің ПД бастығының орынбасары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова