Қызылордада мас күйінде көлік айдап, полицейлерден қашып кетпек болған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 қаңтар сағат 08:10 шамасында Қызылорда қалалық ПБ ЖБО қызметкерлері Ғани Мұратбаев көшесінің бойында BMW автокөлігі жол ережесін бұзғанын байқап, автокөлікті тоқтатуды сұраған.
Полиция қызметкерлерінің ескертуін жүргізуші ескермей, автокөліктен түсе сала оқиға орнынан қашып кетпекші болды. Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижесі бойынша, құқық бұзушының орта дәрежелі масаң күйде болғандығы анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1–бөлігімен "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік күйдегі адамның басқаруына беру" әкімшілік хаттама рәсімделді. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!