Қызылордада мас жүргізуші 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі poilisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда полиция басқармасы патрульдік полиция бекет қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында масаң күйде көлік тізгіндеген 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.
10 қыркүйек күні сағат 21:43 шамасында ГАЗ 27055-264 көлігінің жүргізушісі масаң күйде көлік басқарған.
Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Масаң күйде көлікті басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Қызылорда облысының полицейлері мас күйде көлік тізгіндемеуге кеңес береді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз