Қызылордада лифт ішінде пранк жасаған адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішінде болған оқиғаның видеосын анықтаған.
Видеода тұрғын лифт ішінде танысымен сөзге келіп, оның арты төбелеске ұласқаны байқалады. Олардың бұл әрекеті лифтте болған басқа адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Алайда видеоның аяғында оқиғаға қатысушылар бұл әрекет пранк екенін айтқан.
"Бұл дерек бойынша Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сот шешімімен оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - деді өңір полициясы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова