Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен 2022-2023 жылдары аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.
Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.
Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда.
Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз