Қызылордада бес гектар аумақта өрт шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қураған шөп өртенген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өрт 12 маусым күні сағат 14:50 шамасында басталған.
"Қызылорда қаласы, Наурыз саяжайының тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде шамамен ауданы 5 гектар қураған шөп, шеңгел, жыңғыл жанған. Оқиға орнында өртті сөндіруге 4 техникамен 21 қызметкер жұмылдырылды. Оқиға орнында штаб құрылды.
Құрметті өңір тұрғындары! Әрқашанда табиғат аясында, көшеде, тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің тұрғындарға үндеуінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!