- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада кене шаққан...
Қызылордада кене шаққан үшінші адам көз жұмды
Қызылордада кене шаққан үшінші адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шиелі ауданының тұрғынынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы анықталды. Көз жұмғандардың тағы бірі осы ауданнан болса, енді бірі - жаңақорғандық.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова өңірде бұл ауру түрі бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенгенін айтып отыр.
"Былтыр 27 аптада - 601, биыл 712 адам кене шағып, медициналық көмекке жүгінді. Былтыр - 14, биыл 10 адамда ауру лабораториялық жолмен нақтыланды", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысының 51 жастағы тұрғынынан сиыр сойғаннан кейін кене табылып, қайтыс болғаны хабарланған еді.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz