- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада "Қазпоштаға" тиесілі...
Қызылордада "Қазпоштаға" тиесілі көліктің жүргізушісі ұсталды
Қызылордада көлікті мас күйде айдаған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
31 наурызда Самара – Шымкент тасжолының 1475 шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.
Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Қазалы аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарып, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.
Сонымен қатар тексеру барысында жүк көліктің "Қазпошта" мекемесіне тиесілі екені белгілі болды.
Алматы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды. Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан