Қызылордада қатты жел көппәтерлі үйдің төбесін ұшырып кетті

Қызылордада қатты жел көппәтерлі үйдің төбесін ұшырып кетті

Қызылордада қатты жел көппәтерлі үйдің төбесін ұшырып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысында 31 наурыздан бастап қатты жел соғып тұр. 112 қызметі мәліметінше, 1 сәуірде аймақтағы жел жылдамдығы секундына 15-28 метрге дейін жеткен. Әлеуметтік желілерде үйлердің шатырларын, тіпті жылу беру мекемесінің металл құбырын ұшырып алып кеткені туралы ақпарат пайда бола бастады.

Қызылорда ТКШ бөлімі мәліметінше, 1 сәуірде жел облыс орталығындағы Торайғыров көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын бұзған.

"Кепілдік мерзімі аяқталмаған жауапты мекеме қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Қазалы ауданында ауа райы қолайсыздығына байланысты тағы бір төтенше жағдай болды. Мұнда қатты жел "Қазалы Теміржолжылу" кәсіпорнының металл құбырын жұлып кеткен.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова