Қызылордада жүргізуші көлігіне мемлекеттік нөмірдің орнына "нету" деген жазу тағып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оны "Құқықтық тәртіп" шарасы барысында 21 қарашада Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары анықтады.
"Ер адам көлігіне заңды мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпай, орнына "нету" деген жазуды тағып алған. Көлік тізгіндеген 19 жастағы облыс тұрғынына хаттама толтырылды. Ал ВАЗ-2107 көлігі айып тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз