Қызылордада жол құрылысының талаптарын бұзғандар қалай жазаланды?

Қызылордада жол құрылысының талаптарын бұзғандар қалай жазаланды?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қызылордада жол құрылысының талаптары бұзылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.  

Істің мән-жайы

Қызылорда прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесінде қала әкімдігі тарапынан хабарлама жібермей жол жөндеу жұмыстарының басталғаны анықталды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңда белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi ("Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңның 68-бабы 12-тармағы).

Алайда қала әкімдігі Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасына тиісті хабарлама берместен, 4 көшеге жөндеу жұмыстары басталған.

Істің шешімі 

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек