Қызылордада жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Қызылордада жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Ол қарама-қарсы бағытқа шығып, көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатып, жол қозғалысы талаптарын бұзған.

Полиция қызметкерлері жедел тиісті шаралар қабылдаған.

"Құқық бұзған адам Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізушіге хаттамалар рәсімделіп, айыппұлдар салынды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді ПД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!