Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар қыз баланың cүйегі судан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Үш күн бұрын жоғалып кеткен 6 жасар қыз баланың сүйегі Сырдариядан табылған. Құтқарушылар оны қаладан 20-30 шақырым жердегі Әйтек су торабынан анықтаған.
Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты мүрдеден ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова