- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада жасөспірім төрт...
Қызылордада жасөспірім төрт метрлік кәріз құдығына секіріп, сәбиді аман алып шықты
Қызылордада жас жігіт кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға облыс орталығындағы супермаркет маңында болған.
"Шамамен 2-3 жасар бала төрт метрдей тереңдіктегі кәріз құдығына құлап кеткен. Оның артынан белгісіз жасөспірім шұңқырға секіріп, сәбиді алып шықты", - дейді оқиға куәгерлері.
Құлаған бала мен жасөспірім аман-есен. Жедел жәрдем қызметі қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің ата-анасы олардан көмек сұрамаған. Бұл факт ТЖД-да да тіркелмеген. Жасөспірім кім екені де анықталған жоқ.
"Қызылорда су жүйесі" МКК мамандары құдық жабылғанын айтты.
Д. Шәріпхан"Біздің мамандар оқиға болған ауданда Kaspi bank ғимаратына келген ауыр көліктер кәріз қақпағын жылжытып кеткенін анықтады. Қызметкерлер тиісті жұмыстарды жүргізіп, қақпақты дәнекерледі", - дейді кәсіпорын өкілдері.