- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада жаппай төбелес...
Қызылордада жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Қызылордада бір топ адам арасында төбелес шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындарынан жігіттер арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түсті.
Жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды.
Төбелеске қатысқан 12 адам анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек