Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің бір-бірін соққыға жығып жатқаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында болған. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.
Аталған дерек Қызылорда полиция басқармасына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Мән-жайды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!