Қызылордада есірткі притоны жойылды

"Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында Қызылорда облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында тұрғын үйлердің бірінде есірткі қолдануға арналған притонды жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үйді тінту кезінде қапқа салынған кептірілген шөп тәріздес зат, тостақанда құйылған сұйық белгісіз зат, газ плитасы, шприцтер және басқа да айғақты зат тәркіленді.

Сараптама нәтижесімен тәркіленген зат 2 кг жуық кептірілген марихуана және 25,5 мл апиын (опиум) психотроптық заты болып анықталды.

Қазіргі таңда есірткі заттарды тұтыну және заңсыз сақтау үшін орын ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!