Бас прокуратураның мәліметінше, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс тіркеліп, 174-і сотқа жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде аймақта есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар есірткі заттарын насихаттайтын 18 жарнамалық сайттар бұғатталып, есірткіні жарнамалайтын жазбалар мен граффитилерді жою шаралары жүргізілді.
Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық іс қозғалған.
Жоба төңірегінде халыққа танымал оқырмандары ауқымды блогерлер арқылы әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 34 билборд, 835 брошюра парақшалары таратылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз